Алматыда алғашқы мопед тіркелді

Бөлісу:
Алматыда алғашқы мопед тіркелді
Фото: pixabay.com

Қала тұрғыны көліктің техникалық төлқұжатын және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мегаполисте мопедтерлі тіркеу жұмыстары сәтті өттіп жатыр.

Бұл туралы Алматы қаласы ПД әкімшілік Полиция басқармасы процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев мәлімдеді.

2024 жылы "Жол қозғалысы туралы" заңға түзетулер енгізілді. Негізгі мақсат – мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және оларға барлық заң талаптары қолданылады. Ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап пилоттық жоба аясында мопедтерді тіркеуге рұқсат беретін ережелер қазірдің өзінде күшінде. Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі оларды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесін әзірледі және мопедтің жақтауында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда да оңайлатылған тәртіпте жүзеге асырылатын болады. Құрметті мопед иелері! Заң талаптарын бұзбау үшін мопедтерді тіркеу және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу қажеттігін хабарлаймыз, - деді Айдын Меркімбаев.

Еске салайық, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске мопед жүргізушілерінің көлік құралдарының жүргізушілері ретіндегі жауапкершілігіне қатысты түзетулер күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы