Мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханаларға жылу беріле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл аталған мекемелердің жұмыс ерекшелігін ескеріп қабылданған. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосу жоспарланған.
Жаңа жылыту маусымының басталуы метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде айқындалады. Жылыту маусымына дайындау және өткізу ережесіне сәйкес, жылыту кезеңі температуралық режимді ескеріле отырып басталады.
Жылу беру мынадай кезекпен жүргізіледі: балалар, емдеу, мектеп мекемесі, медициналық-әлеуметтік мекемелер: тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер; әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар; басқа ғимараттар. Жылыту маусымы басталған кезде күтпеген жағдай туындаса тұрғындар «Алматы жылу желілері» ЖШС-не мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады:
Диспетчерлік қызмет 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сонымен қатар 109.
Төтенше жағдайлар қызметі: 378-06-65 (тікелей нөмір), 341-07-00, 341-07-77 (қосымша 1115).