Алматыда Әлеуметтік қызметтер үйі ашылады

27 Қаңтар 2021, 10:21
2102
Бөлісу:
Алматыда Әлеуметтік қызметтер үйі ашылады

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Достық даңғылының бойында ашылатын Әлеуметтік қызметтер үйі ғимаратының жөндеу жұмыстарымен танысқанын жазды.

Енді қала тұрғындары «бір терезе» қағидаты бойынша 42 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес қызмет түрін ала алады.

Алматыда Әлеуметтік қызметтер үйі ашылады

Әлеуметтік қызметтер үйінің бірінші қабатында Әлеуметтік қамсыздандыру, Тұрғын үй саясаты басқармасы, Халықты жұмыспен қамту орталығы, Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация, көші-қон полициясы, БЖЗҚ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарының қызметіне жүгіне алады. 

Жоғарғы қабаттарда бейінді басқармалар орналасады.

Өзімізде өндірілген сапасы жоғары әрлеу материалы мен интерьер заттарын пайдалану қажеттігіне мән бердім. Осылайша, Алматыда тұрғындардың әлеуметтік қызметтердің барлық спектріне қол жеткізе алатын жайлы бірыңғай орталық құрылады, — деп жазды Сағынтаев.


Өзгелердің жаңалығы