Алматыда ағаш материалдар сақталған қойма өртенді

21 Қаңтар 2021, 13:12
1640
Бөлісу:
Алматыда ағаш материалдар сақталған қойма өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Алматының Жетісу ауданында құрылыс ағаштары сақталған қойма өртке оранды. Бұл туралы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 21 қаңтарда сағат 08.18 кезінде Алматы қаласы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Жетісу ауданы Қазыбаев көшесіне шақыртудың жоғары дәрежесімен жіберілді. Өрт сөндірушілер келгенде 1500 шаршы метр аумақта жеке тұрған бір қабатты құрылыс ағаштары сақталған қойма ғимаратының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт шыққан қоймадан қатты жылудың әсерінен оттың 10-15 метр қашықтықта орналасқан көрші қоймаларға таралу қаупі туындады,-делінген хабарламада.

Сумен жабдықтау қашық орналасуына байланысты, су өрт автоцистерналардың көмегімен қамтамасыз етілген. Өртті сөндіруге және қоймаларды оттан қорғау үшін 2 автобаспалдақ пен 8 әмбебап өрт оқпандары беріліпті. 

Қызыл жалынды сөндіру үшін Алматы қаласы ТЖД басшылығы мен жеке құрамнан 66 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралар арқылы өрт 30 минуттың ішінде сөндіріліп, 09 сағат 35 минутта толықтай жойылды. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда,-делінген хабарламада.

Осыған байланысты, ТЖМ нысан иелеріне, өртті болдырмау мақсатында электр сымдарын жарамды күйде пайдаланып, электр құралдарына техникалық қызмет көрсетуді уақытылы жүргізіп тұруды ұсынады.



Өзгелердің жаңалығы