Алматыда науқастар Халық Аренаға жатқызылмайтын болды

7 Маусым 2021, 15:02
1772
Бөлісу:
Алматыда науқастар Халық Аренаға жатқызылмайтын болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифингте айтты.

Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. 2021 жылдың 7 маусымындағы жағдай бойынша қалада коронавирустық инфекцияның 70 786 жағдайы тіркелген, оның ішінде 54 846 симптомдық белгілері бар және 15 940 симптомсыз, 1 809 жағдай анықталмаған пневмония.

2021 жылдың 6 маусым күні коронавирустық инфекцияның 143 жаңа жағдайы тіркелген, оның 118 симптомдық белгілері бар және 25 симптомсыз.

Басқарма басшысы қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруымен науқастар енді тек жұқпалы аурханаға жатқызылатынын айтты.

Ауруханаға жатқызу деңгейі мамыр айында тәулігіне 190-200-ге дейін болса, қазір 80-90-ға дейін төмендеді. Өткен тәулікте 54 науқас ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты, эпидемиологиялық ахуалдың салыстырмалы түрде қолайлы ағымын сақтай отырып, ковид жұқтырған науқастарды қаланың арнайы ауруханаларына жатқызу жоспарлануда, яғни И. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына. Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, ЖШМККА, Қалалық фтизиопульмонология орталығының филиалы Халық Арена, №1 Қалалық перзентхана, Қалалық Кардиологиялық орталық, Психикалық денсаулық орталығы, №1 Қалалық клиникалық ауруханасы әдеттегі режимде жұмыс істеуге көшті, - деді Нариман Табынбаев.

Сонымен қатар ол барлық инфекциялық стационарларда 3 640 төсек-орын бар екенін, қазір онда 1 258 адам жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы