Алматыда 80-нен асқан қарттардың туындылары көрмеге қойылды

Бөлісу:
Алматыда 80-нен асқан қарттардың туындылары көрмеге қойылды
PHOTO
Фото: автордан

Мемлекеттік орталық музейде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған "Көктемгі рапсодия" көркемөнер көрмесі ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеде 61 жастан 84 жасқа дейінгі 31 қатысушының акварель, гуашь, акрил және майлы бояу сияқты түрлі техникада орындалған 96 өнер туындысы ұсынылған.

Алматыда 80-нен асқан қарттардың туындылары көрмеге қойылды
Алматыда 80-нен асқан қарттардың туындылары көрмеге қойылды

Көрменің символдық мәні оның тақырыбымен тығыз байланысты. Көктем – жаңару мен шабыттың белгісі, ал әйел бейнесі – сұлулықтың, нәзіктіктің және өмірлік қуаттың көрінісі. Бұл идеялар ұсынылған әрбір жұмыста көрініс тауып, өнер мен табиғатты үйлесімділікпен байланыстырады. Жұмыстардың тақырыптық және жанрлық әртүрлілігі көктем мен әйел сұлулығының символы ретінде гүлдерді, пейзаждарды, натюрморттарды, абстракцияларды, декоративтік кескіндемені, интерьерлік композициялар мен графиканы қамтиды, - деді жетекші Марлан Нысанбаев.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушыларының жасы әртүрлі, олар шығармашылықпен 3 айдан 2,5 жылға дейін айналысып келеді.

Алматыда 80-нен асқан қарттардың туындылары көрмеге қойылды
Алматыда 80-нен асқан қарттардың туындылары көрмеге қойылды
Алматыда 80-нен асқан қарттардың туындылары көрмеге қойылды

2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қарттарға 40-тан астам әлеуметтік қызмет түрін тегін көрсетеді. Оның ішінде: геронтолог дәрігерінің кеңестері, өз-өзін сауықтыру жүйесі бойынша психологиялық тренингтер, дене шынықтыру, йога, кинезиология, скандинавиялық жүріс, сондай-ақ декоративті-қолданбалы өнер мен кескіндеме бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі.

"Көктемгі рапсодия" көрмесі 12 наурызға дейін жалғасады.

Алматыда 80-нен асқан қарттардың туындылары көрмеге қойылды
Алматыда 80-нен асқан қарттардың туындылары көрмеге қойылды
Алматыда 80-нен асқан қарттардың туындылары көрмеге қойылды
Алматыда 80-нен асқан қарттардың туындылары көрмеге қойылды
Өзгелердің жаңалығы