Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қалалық филиалы мемлекеттік қолдауға ие болған бірқатар кәсіпорынға пресс-тур ұйымдастырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Пресс-турға қатысушылар алдымен индустриялық аймақтағы «NAC Agro» брендімен танылған «BRBAPK» ЖШС жылыжай кешенін аралады. Озық технологияларды пайдаланатын жылыжай тәулігіне 20 тоннадан астам көкөніс өндіре алады.
Біздің жылжайда топырақсыз көкөніс өндіруге арналған озық технологиялар бар. Бұл жұмыс күшін азайтуға аз да болса мүмкіндік беріп отыр. Өндіріс орнында 2000 астам жұмысшы бар. Біз жыл сайын Алматы қаласының бюджетіне 105 млн теңге салық төлейміз. Жұмысшыларымыз еліміздің ЖОО білім алған, жыл сайын алыс- жақын шетелдерге оқуға, тәжірибе алмасуға жібереміз. Бізде табыс көлемі тұрақты. Өндірістік қуаттылығы жылына 7 мың тоннадан астам көкөністі құрайды және тәулігіне 20 тоннадан астам көкөніс өндіре алады. Жобаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен жеке инвесторлар жүзеге асырды, инвестиция көлемі 7,8 млрд теңге, 150 тұрақты жұмыс орны ашылды. Жылыжай кешені голландиялық Dalsem Horticultural Projects B.V. тәсілімен іске қосылды. Біз жұмысшыларды киіммен, түскі аспен қамтамасыз етеміз. Өнімдерімізді еліміздің әр қаласына жібереміз, сондай-ақ Ресей қаласына тасымалдаймыз, – дейді «BRBAPK» ЖШС бастығы Шәкен Бөлекбаев.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «TEPLOSTIL»ЖШС қасбеттік жылу панелін өндіретін зауытты аралады. Өндірісі жыл сайын 240 000 шаршы метр қасбеттік жылу панелін, күшейтілген полистирол көбіктен жасалатын сәндік бұйым шығарады. Жобаның құны 800 млн теңгені құрайды, кәсіпорында 30 адам жұмыс істейді.
Компания өнімдерінің негізгі тұтынушылары – жеке тұлғалар. Өнімді өндіруге «Еуразиялық Банк» АҚ арқылы Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша инвестицияға қаржы алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес, сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 19%-дың 13%-ын құрайды. Қолдаудың арқасында «TEPLOSTIL» ЖШС өндірісін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашып жатыр,– дейді «TEPLOSTIL» ЖШС директоры Ержан Ибрагимұлы.
Еске сала кетейік, «Даму» қоры арқылы Алматы қаласында «Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бойынша кәсіпкерлердің 8 164 жобасы 940,5 млрд теңгеден астам қолдау көрсетілді.