Алматыда 660-тан астам иесіз электр желілері қала теңгеріміне берілді

2 Қараша 2020, 13:45
1259
Бөлісу:
Алматыда 660-тан астам иесіз электр желілері қала теңгеріміне берілді

Алматы, BAQ.KZ. Қаланың Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың иесіз желілерді қала балансына беру бойынша тапсырмасы қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтты. 

Осы мақсатта биылғы жылы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-қа электр желілері мен жабдықтарының 117 нысанын беру рәсімі жүргізілді. 2019 жылы «АЖК» АҚ-қа электр желілері мен жабдықтарының 544 нысаны тапсырылды. Барлығы екі жылда 661 нысан тапсырылды. 

Бұл шаралар қала тұрғындарына сапалы коммуналдық қызметтерді алуға, тарифтердің төмендеуіне және жалпықалалық тарифтермен теңестірілуіне алып келеді, - деп атап өтті өз кезегінде Рүстем Әлиев. 

Сонымен қатар, иесіз желілерді қала балансына беру коммуналдық қызметтерге төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, өйткені олар тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі коммуналдық апаттардың басты себептерінің бірі болып табылады.

Инженерлік желілерді иесіз деп тану рәсімі ҚР Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Атап айтқанда, аудандық әкімдіктер тұрғындардың өтініштерін жинайды, энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы мен коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен бірлесіп, қайталануды болдырмау мақсатында иесіз объектілердің тізбесі дайындалады. Бұдан әрі иесіз объектілердің тізбесі Мемлекеттік активтер басқармасына жіберіледі, басқарма өз кезегінде объектілерді иесіз деп тану рәсімін бастайды.

Өзгелердің жаңалығы