Алматыда 60-тан астам жаңажылдық іс-шара өтеді

27 Желтоқсан 2021, 15:13
2577
Бөлісу:
Алматыда 60-тан астам жаңажылдық іс-шара өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы Жаңа жыл қарсаңында қалада қандай іс-шара өтетінін жариялады.

Алматыда 25 желтоқсаннан қаңтар айының соңына дейін 60-тан астам түрлі іс-шара өтеді, оның ішінде балалар ертеңгіліктері, театр қойылымдары, концерттер және тағы көптеген қызықты шаралар бар.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне және омикрон штаммының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттігін айтады.

Қалалықтардан маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз. Алматылықтарға вакцинацияны жалғастыру керек, ал бұрын егілгендерді қайта вакцинациялау керек. Вакцинация пункттері жұмысын жалғастыруда,-делінген хабарламада.

Алматыда 60-тан астам жаңажылдық іс-шара өтеді
Алматыда 60-тан астам жаңажылдық іс-шара өтеді
Өзгелердің жаңалығы