Қала аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 319 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Дәурен Көбеев мәлімдеді.
Жалпы жедел-іздестіру іс-шараларымен қатар нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атқарушы билік органдарымен, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп қаланың оқу орындарында бірқатар профилактикалық іс - шаралар өткізілді. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 319 құқық бұзушылық анықталды,- дейді Дәурен Көбеев.
Жыл басынан бері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 147 қылмыстық іс жүргізіліп, сотқа жолданды.
Есірткінің мына түрлері бойынша: 26 гр - "героин" , 165 кг 412 гр - "марихуана", 73 кг 018 гр - "гашиш", 27 кг 996 гр - "синтетика", 1 кг 673 гр - "басқа препараттар" жалпы 268 кг 127,63 гр есірткі тәркіленді және заңсыз айналымға жіберілмеді. Қала аумағында есірткі құралдарының таралуы туралы ақпаратты жазылған 4185 граффити суреттері табылды және бояу арқылы жойылды,- дейді Алматы қаласының есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Дәурен Көбеев.