Іс-шараға адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі мен Орталық Азия сарапшылары қатысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жиында цифрлық трансформация, климаттың өзгеруі және әйелдердің құқықтары жөнінде сөз қозғалды.
Алешка Симкич демократиялық басқару мен орнықты дамуды ілгерілетудегі азаматтық қоғамның маңыздылығын атап өтті.
ЕО Орталық Азиямен қарым-қатынасын нығайтуға, сондай-ақ өңірлік тұрақтылықты, әлеуметтік инклюзивтілікті және орнықты дамуды қамтамасыз етуге өз үлесін қосатын азаматтық қоғамның баға жетпес жұмысын қолдауға міндеттенеді. Ынтымақтаса отырып, біз жастар мен әйелдердің өз болашағын қалыптастыруда белсенді рөл атқаруына мүмкіндік бере отырып, цифрлық трансформациядан климаттың өзгеруіне дейінгі заманымыздың ең өзекті мәселелерін шеше аламыз,- деді Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алешка Симкич.
Үш күндік іс-шарада аймақтың болашағын қалыптастыратын маңызды мәселелер талқыланды.