Алматыда 46 науқастың жағдайы өте ауыр

31 Наурыз 2021, 11:24
1477
Бөлісу:
Алматыда 46 науқастың жағдайы өте ауыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, жоғары медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг барысында айтты.

2021 жылдың 30 наурыз күні Алматыда коронавирустық инфекцияның 526 жаңа жағдайы тіркелген, оның 425-і симптомдық белгілері бар және 101-і симптомсыз. Бір тәулік ішінде – 306 науқас қабылданса, стационардан 209 науқас шығарылған.

Сұлтанғазиеваның айтуынша, Алматыда қазір 5 мыңнан астам инфекциялық төсек-орны ұйымдастырылған. Олардың барлығы 3 эшалонға бөлініпті.

Осы уақытта инфекциялық төсекте жатқандар саны 2 793 адам. Оның ішінде 109-ы бала, аса ауыр жағдайдағы науқастар – 46. Бірінші эшалон бойынша жасақталған төсек-орынның 80 пайызы толған, ол 5 стационарда орналасқан. Екінші эшалон бойынша 2400 төсек-орны 15 медициналық ұйымда жасақталды, қазір оның 43 пайызы толған. Үшінші эшалон бойынша 8 медициналық ұйымда төсек-орындары ұйымдастырылды және оның 14 пайызы толды, - дейді ол. 

Жалпы реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде – 125 науқас бар, ондағы бос төсек-орын саны–295. Оған қоса «Халық Арена» спорт кешенінде 1000 орын жасақталған, қазір онда 18 науқас бар. 

Сондай-ақ қаладағы 7 қонақ үйде 815 төсек-орны ұйымдастырылған, алайда қазір онда науқастар жеткізілмеген.

Өзгелердің жаңалығы