Алматыда 43 мыңнан астам адам тұмау жұқтырған

12 Желтоқсан 2023, 14:46
670
Бөлісу:
Алматыда 43 мыңнан астам адам тұмау жұқтырған
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, мегаполисте өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 43 501 жағдайы тіркелген. 

Алматы қаласында жедел респираторлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 43 501 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші - 1951,07 құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 1,8 есеге жоғары және алдыңғы аптаның көрсеткішінен 3,7%-ға төмен. Қараша айының басынан бастап зертханалық расталған тұмаудың 104 жағдайы тіркелді. Қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқа вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирус айналымда жүр, – дейді Әсел Қалықова. 

Ол өз сөзінде тұмауға қарсы 257 495 адам егілгенін атап өтті. 

Желтоқсан айындағы жағдай бойынша тұмауға қарсы 257 495 адам егілді, соның ішінде 250000 «тәуекел тобындағы» тұрғындар, 6202 адам - әртүрлі салалардың жұмыс берушілер есебінен және 1293 адам - өз қаражатына егілді. Айта кету керек, вакцинация халықты тұмау вирусын жұқтырудан қорғап қана қоймайды, сонымен қатар асқынулар мен өлім-жітімді айтарлықтай азайтуға көмектеседі, – дейді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова

Өзгелердің жаңалығы