Алматыда 35 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

22 Желтоқсан 2023, 13:00
431
Бөлісу:
Алматыда 35 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыда қызылшамен ауырғандардың 76%-ы - балалар.

Наурыз айынан бастап қызылшаның 3575 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2736 жағдай (76,5%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 149 (4,1%) және ересектер арасында – 690 (18,5%). ҚЖИ шеңберінде барлығы 53 066 адам екпе алды. Қазіргі уақытта қалада ҚҚП вакцинасы жеткілікті мөлшерде бар,- дейді Қасымхан Алпысбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы