Алматыда су тасқынын жою үшін арық желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қала әкімі Ерболат Досаев аудандарды аралау кезінде барлығы 300 шақырымнан астам арық желісі ауыстырылғанын айтты. Әсіресе, үнемі су басатын аумақтарға ерекше назар аударылады. Бұған Түрксіб, Жетісу сынды қаланың төменгі аудандары жатады.
Бітелген арықтарды коммуналдық қызмет тазартады. Қалада арық жүйелері ескі, көбінесе ағаштардың тамыры арықты бітеп, қоқыс жиналады.
2024 жылы аудан әкімдігі су тасқынына байланысты түйткілді тиімді шешу үшін арық жүйесін тазартуға, күтіп ұстауға қаражат бөледі.
Естеріңізге сала кетейік, қазір заң бойынша Алматыда құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде міндетті түрде нөсер кәрізі бірге жабдықталуға тиіс.