Әкімдіктің қаулысына сәйкес, 3 тамыздан бастап жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу мүмкіндігі алынып тасталады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматыда қалалық мәслихатпен келісілген және сарапшылармен белсенді талқыланған қоғамдық көлікте жүруге 120 теңге тариф 3 тамыздан бастап күшіне енеді.
Қалалық мобильділік басқармасы бүгінде жолаушылардың 97% - дан астамы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлейтінін атап өтті.
- Қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына қолма қол ақшасыз есеп айырысудың бірнеше әдісі қол жетімді:
* Onay филиалдарында және 115 клиенттерге қызмет көрсету орындарында сатып алуға болатын көлік картасы арқылы;
* ұялы телефонның SMS арқылы;
* мобильді қосымша арқылы (шетелдік қонақтарға ыңғайлы болу үшін интерфейсті ағылшын тілінде енгізу пысықталуда).Бұдан басқа, жол жүру ақысын елемеу фактілерін қысқарту мақсатында жолаушылардың қамтылуын тексеру, сондай-ақ жүргізуші құрамы тарапынан бұзушылықтарды тіркеу үшін бірыңғай бақылау қызметін құру туралы мәселе қаралады, - деді Қалалық мобильділік басқармасы.
Сондай ақ 3 тамыздан бастап жол жүру билеттерінің келесі құны белгіленеді:
айлық жол жүру билеті - 9 900 теңге;
студенттік айлық жол жүру билеті - 4 200 теңге;
мектеп айлық жол жүру билеті - 2 000 теңге;
зейнетақы айлық жол жүру билеті - 3 000 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтардың келесі санаттарына тегін жол жүру ұсынылады: ҰОС қатысушылары, 75 жастан асқан зейнеткерлер, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, саяси қуғын-сүргін құрбандары және басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері.
Сондай-ақ, азаматтардың 4 санаты үшін тарифтің 50% - ы түріндегі жеңілдік сақталады: студенттер, жасына байланысты зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүгедек балалармен бірге жүретін адамдар.