Алматыда 3 мыңнан аса тұрғын қызылша жұқтырған

18 Шілде 2024, 16:21
622
Бөлісу:
Алматыда 3 мыңнан аса тұрғын қызылша жұқтырған
Фото: BAQ.KZ -архив

Мегаполисте қызылшаға қарсы 162 мың адам екпе алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Қалада қызылшаның 3275 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2020 жағдай (61,8%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 168 (5,1%) және ересектер арасында – 1087 (33,1%). Балалар арасындағы аурушаңдық негізінен вакциналаудан бас тарту себебінен. Қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 162 855 адам қамтылды, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 13 194 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар саны – 80 005, - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы