Алматыда Әуезов ауданында «Халықтық қатысу бюджеті – 2022» бағдарламасы бойынша 25 жоба іске асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абаттандырылған нысандар:
- №3, Ақсай, Мамыр және Тастақ шағын аудандарындағы 11 жаяу жүргіншілер аумағы;
- №1, №3, №7, №8, №11, Достық, Мымыр-3 шағынаудандардағы 8 бос аймақтар;
- Ақсай-2 шағынауданындағы 1 сквер;
- №4, №6, №7 шағынаудандардағы 2 автосуару жүйесі, 3 жерде көгалдандыру төсеніштері төселіп, қоқыс жәшіктері мен орындықтарды орнату жұмыстары жүргізілді.
Жобаның негізгі мақсаты – қала аумағының сапасы мен жайлылығын арттыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жобалар аудан тұрғындарының өтініштері негізінде жүзеге асырылды.