Алматылық өрт сөндірушілер газ баллонын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жетісу ауданында 2-ші Гончарная көшесі бойындағы жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстың ашық жалынмен жануы орын алды. Дереу судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, өрт сөндірушілер оқпанмен су беріп, жақын маңдағы үйге өрттің таралу қаупін жойды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Бұдан әрі сөндіру жұмысы кезінде көлемі 50 литр газ баллоны табылып, эвакуацияланды.
Белгілі болғандай, өрт 200 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.