Алматыда 200 мыңнан астам адам ревакцинация жасатқан

17 Ақпан 2022, 13:48
1051
Бөлісу:
Алматыда 200 мыңнан астам адам ревакцинация жасатқан

Алматы, BAQ.KZ. Кеше қала бойынша 429 адамнан коронавирус анықталған, оның 396 симптомдық белгілері бар және 33 симптомсыз.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте, кеше 116 науқастың емделіп шыққаны және 53 адамның жаңадан ауруханаға түскені айтылады.

Инфекциялық стационарларда жалпы саны  859 адам ем алып жатыр, оның 39-ы бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  66 науқас жатыр. ӨЖЖ – 18, инвазивті емес ӨЖЖ – 19, High flow-да 17 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 563 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 3 322, симптомсыз 241 науқас бар.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін   1 202 адам, 2-компонетін  1 998  адам алған.

Жалпы қала бойынша вакцинаның 1-компонентін 1 128 784 адам, 2-компонентін 1 081 993 адам салдырды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 124 471 адамды құрайды. Бүгінде Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 50 437 адам, оның ішінде 2 712 жүкті әйелдер, 11 056 емізулі аналар және 36 669 балалар мен жасөспірімдер егілді. 217 562 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті,-делінген хабарламада.
 

Өзгелердің жаңалығы