Алматыда 20-қабаттан құлап кеткен жігіттің ісі суицидке дейін жеткізу бабымен тергеледі

Алматыда 22 жастағы жігіт 20-шы қабаттан құлады. Жас жігіт оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

 pixabay.com 20 Қараша 2023 2023, 16:46
20 Қараша 2023 2023, 16:46
3493
Фото: pixabay.com

Алматыда 22 жастағы жігіт 20-шы қабаттан құлады. Жас жігіт оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Қайғылы оқиға 19 қараша күні таңертең «Comfort City» тұрғын үй кешенінің аумағында болған.

Аталған жағдайға Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр,– дейді Алматы ПД.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2001 жылы туған жігіттің тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан құлап кеткенін айтты.

Наверх