Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Алматы қаласында коронавирус инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралар туралы» жаңа қаулысы жарияланды.
Қаулыға сәйкес, жұмыс күндері қоғамдық көлік әдеттегідей жүретін болды.
Демалыс және мереке күндері мынадай шектеулер қойылады:
Таңертеңгі жұмыс уақыты – 6:00-ден 10:00-ге дейін, кешке – 17:00-ден 2:00-ге дейін жүреді.
Сенбі, жексенбі күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмысына тыйым салынады.
Мереке күндеріндегі жұмыс уақыты былай шектеледі: таңғы сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін; жұмыс күндері - сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін.
Супермаркеттер, гипермаркеттер, тамақ өнімдерін сататын сауда желілері сағат 06:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейді; азық-түлік дүкендері, шағын базарлар 06:00-ден 24:00-ге дейін; сауда желілері және азық-түлік емес дүкендерге (жеке) таңғы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат.
Жабық және ашық базарлар (азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын) сенбі мен жексенбіде жұмыс істемейді. Жұмыс күндері сағат 06:00-ден 17:00-ге дейін; мереке күндері жұмыс уақыты 10:00-ден 17:00-ге дейін шектеледі.
«Медеу» мен «Шымбұлақта» жаппай сырғанауға тыйым салынады. Келушілер саны 50%-ға (1000 адамға дейін) азайтылуы керек. «Шымбұлақ» тау курортындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 7:00-ден 21:00-ге дейін, тек жазғы алаңдардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;
Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Қазпочта» АҚ бөлімшелері алдын ала жазылу бойынша таңғы сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады.
Банкет және басқа да шараларды өткізуге болмайды. Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз. Қаулы 20 наурыздан бастап күшіне енеді.