Мегаполисте қызылшаға қарсы 164 мың адам екпе алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.
Қызылшаның 3176 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1954 жағдай (61,3%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 165(5,2%) және ересектер арасында – 1057 (33,4%). Қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған адамдардың 90%-дан астамы ауырады. 2023 жылғы 10 қараша мен 2024 жылғы 02 маусымның аралығында қалада қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 162 294 адам қамтылды, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 13 119 бала,- дейді Қасымхан Алпысбайұлы.