Алматыда 2 991 жол-көлік оқиғасы тіркелді – Салтанат Әзірбек

13 Қараша 2023, 11:26
519
Бөлісу:
Алматыда 2 991 жол-көлік оқиғасы тіркелді – Салтанат Әзірбек
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биылғы жылдың 10 айында Алматыда 2 991 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 84 адам қаза тауып, тағы 3 мың 211 адам жарақат алды. Жалпы, жыл басынан бері 1 миллион 582 мың 980 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды.Көлікті мас күйінде басқарған 1 мың 718 жүргізуші ұсталды, – дейді Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, сот үкімімен 2 мың 443 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылған. 

Өзгелердің жаңалығы