Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді

6 Қараша 2020, 22:58
1623
Бөлісу:
Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 2-3 балл қуатымен жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Полиция департаменті Жедел басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, патрульдік жасақтар қалыптан тыс жайттарды байқап жатқан жоқ, жағдай тұрақты. Тұрғындардан «112», «101» нөмірлеріне хабарлама түспеген. «Казселденқорғау» ММ ақпаратынша, гидротехникалық құрылыстарда ақау, жарық байқалмаған. 

Еске салайық, бүгін сағат 13.38-де Қазақстанның сейсмикалық станциялары Алматы қаласынан 565 км жерде Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Шымкент қаласында 2-3 балл қуатымен сезілді. 

Қырғызстанның КАБАР агенттігінің хабарлауынша, дәл осы уақытта, яғни сағат 13:38-де Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында 6 балл магнитудасымен жер сілкінді.

Өзгелердің жаңалығы