Алматыда 1991 жылдан бері қолданыстағы құбыр ауыстырылды

26 Тамыз 2024, 23:49
463
Бөлісу:
Алматыда 1991 жылдан бері қолданыстағы құбыр ауыстырылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Тамыздың басында Алматының Әуезов ауданында Абай даңғылымен Саин көшесінен батыс бағытта 1991 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңарған аумақтың ұзындығы - 1838 метр.

Бұл құбыр 406 көппәтерлі тұрғын үйді, 105 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 1 денсаулық сақтау нысанын және 6 өзге де нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Реконструкция кезінде көрсетілген аумақтағы тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылған жоқ.

Барлық жұмыс мерзімінде аяқталды, аталған учаскедегі автокөлік қозғалысы қалпына келтірілді.

Жалпы, қалада биыл 20 км жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланып отыр. Алматының 6 ауданында жылуаралық кезеңге жоспарланған қайта жаңарту бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Оның негізгі бөлігі аяқталып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Өзгелердің жаңалығы