Алматыда 19 жастағы мопедші жол апатынан көз жұмды

Бөлісу:
Алматыда 19 жастағы мопедші жол апатынан көз жұмды
Фото: BAQ.KZ архив

Оқиға Алатау ауданына қарасты “Қарасу”ықшамауданында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мопед жүргізуішісі жол қиылысынан шығып кетіп, солтүстік бағытта келе жатқан “Хово” жүк көлігімен соқтығысқан.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің хабарлауынша, Мөңкеұлы көшесімен батыс бағытта қозғалып келе жатып, Сүмбіле көшесінің қиылысында мопед жүргізушісі, “Жол бер” жол белгісі болса да жол қиылысына шығып кетіп, солтүстік бағытта келе жатқан “Хово” жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан мопедтің 19 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Өзгелердің жаңалығы