Алматыда 19 жастағы есірткі қойып кетуші ұсталды

Алматыда жасырын есірткі қойып кетуші ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 polisia.kz 22 Сәуір 2025 2025, 04:28
22 Сәуір 2025 2025, 04:28
689
Фото: polisia.kz

Алматыда жасырын есірткі қойып кетуші ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының шағын аудандарының бірінде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті ұстады. Оның жанынан ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ салынған орамдар табылған. Алматы қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаевтың сөзінше, алдын ала мәлімет бойынша тәркіленген зат синтетикалық есірткі болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Есірткі қойып кетушілерді анықтау және ұстау жұмыстары тұрақты түрде жалғасып жатыр.

Наверх