Алматыда әйел "Комфорт сити" тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан өзімен бірге 4 жасар баласын ала секірген. Әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
2021 жылы туған баланы жедел медициналық жәрдем бригадасы көптеген жарақатпен Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізген.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі пікір білдірді.
Бала реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Жағдайы өмірге қауіп төндіретін аса ауыр деп бағаланады. ҚР ДСМ Диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр, - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспсөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін 23-24 жасар әйел адамның биіктен құлап, мерт болғанын жазған едік.