Алматыда 160 мың астам адам қызылшаға қарсы екпе алды

Бөлісу:
Алматыда 160 мың астам адам қызылшаға қарсы екпе алды
Фото: pixabay.com

Алматыда өткен жылдан бері қызылшаның 2677 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

 Қызылшаның 2677 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1608 жағдай (60,1%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 116 (4,3%) және ересектер арасында – 953 (35,6%) Алматыда қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 160 396 адам қамтылды,– дейді Әсел Қалықова.

Өзгелердің жаңалығы