Алматыда 14 мыңнан астам адам АӘК алған

Бөлісу:
Алматыда 14 мыңнан астам адам АӘК алған
Фото: ӨКҚ

Табиғи апаттардан зардап шеккендерге 32,5 млн теңгеге қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді.

 Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы 14 810 адамды қамтып, 1,6 млрд теңге төленді. АӘК алушы отбасылардан шыққан 4 727-ден астам бала тамақ және тұрмыстық химия өнімдерін сатып алуға 5 538 теңге мөлшерінде қосымша төлем алды. Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты азаматтарды қолдауға жеке бағытына көңіл бөлінді. "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы аясында 140 мыңнан астам азамат коммуналдық қызметтер үшін ай сайынғы өтемақы алды, төлемдердің жалпы сомасы 4 млрд теңге болды, - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

8 620 азаматқа 20 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек, ал табиғи апаттардан зардап шеккендерге 32,5 млн теңгеге қолдау көрсетілді.

 Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 15 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 41 мыңнан астам адам қажетті техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілген, қосымша 5 мың адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етуді күтіп отыр,- деді Бауыржан Жаубасов.

Мүгедектігі бар адамдарға және жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балаларға қосымша "Инватакси" қызметтері ұсынылады, ол мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 100 автокөлікпен жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы