Таяу Шығыстан эвакуацияланатын 127 Қазақстан мен Палестина азаматтарының туыстарына тиісті куәлік берілген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді.
Басқарма тарихи отанына келген этникалық қазақтармен «қандас» мәртебесін беру және ұзарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Өткен жылы 1 407 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, 151 адам мәртебесін тағы бір жылға ұзартты, - деді Бауыржан Жаубасов.
Оның айтуынша, шетелде тұратын этникалық қазақтардың туыстарын көшіру үшін 37 этникалық қазаққа шақыру берілді.
Пана іздеген адамдар мен Таяу Шығыстан эвакуацияланатын 127 Қазақстан мен Палестина азаматтарының туыстарына куәлік берілді. Өткен жылы білікті шетелдік мамандарды тартуға 1 242 рұқсат берілді, жергілікті бюджетке 738 млн теңге көлемінде салық алымы төленді, - дейді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.