Алматыда 130 көпқабатты үйге газ беру тоқтатылды

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану қызметі Бөгенбай батыр көшесі, 13, Пушкин көшесінің бұрышы мекенжайы мен «Мұзтау» шағын ауданында газдың ағып кетуін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 Ақпан 2024 2024, 23:42
АВТОР
 Артём Чурсинов  -архив 7 Ақпан 2024 2024, 23:42
7 Ақпан 2024 2024, 23:42
1021
Фото: -архив

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану қызметі Бөгенбай батыр көшесі, 13, Пушкин көшесінің бұрышы мекенжайы мен «Мұзтау» шағын ауданында газдың ағып кетуін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салдарынан 130 көпқабатты үйде газ беру тоқтатылды.

7 ақпан күні кешкісін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Құрманғазы – Панфилов – Қайырбеков – Төле би көшелерінде тағам дайындау үшін газды қолданатын 130 көпқабатты үй мен жеке сектордағы 18 үйде газбен қамту тоқтатылды. Сондай-ақ «Мұзтау» шағын ауданында да газ өшірілді, - делінген компанияның хабарламасында.

Газ беру 8 ақпанда сағат 14.00-де қалпына келтіріледі.

Наверх