Алматыда 12 тегін мұз айдыны жұмыс істейді

Бөлісу:
Алматыда 12 тегін мұз айдыны жұмыс істейді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін 12 тегін ашық мұз айдыны жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мұз айдындары күн сайын келесі мекенжай бойынша жұмыс істейтін болады:

* Республика Сарайының алдындағы Абай алаңы;
* Halyk Arena;
* 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ;
* Тұңғыш Президент саябағы;
* Наурызбай ауданының әкімдігінің алдындағы алаң;
* ҚБТУ тұрағы;
* «Авиатор» стадионы;
* Көкжиек шағын аудан;
* «Гүлдер» саябағы;
* Алматы Арена;
* №6 оқушылар үйі;
* Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспрімідер теартының алды.

Жоба бұқаралық спортты дамыту аясында және қала тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында іске асырылып жатыр.

Алматыда 12 тегін мұз айдыны жұмыс істейді

Барлық мұз айдындарының сыйымдылығы 300 мыңнан астам адамға жетеді. Мұз айдындарында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейтін болады. Конькиді жалға алу құны сеанс үшін 1,5 мың теңге (2 сағат). Беру пункттерінің жұмыс режимі жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс және мереке күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін. Конькимен сырғанау толығымен тегін.

Бірнеше мұз айдынының техникалық іске қосылғанына назар аударамыз.  Ашық мұз айдыны бойынша жобаны спорт басқармасы 2017 жылдан бастап іске асырып келеді. Осы уақыт ішінде оларға 2 миллионнан астам адам келді.

Өзгелердің жаңалығы