Алматыда 11 мыңнан астам адам менингит індетінен тексерілді

Бөлісу:
Алматыда 11 мыңнан астам адам менингит індетінен тексерілді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Зертханалық нақтыланған менингококк инфекциясының 8 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

Алдын алу мақсатында менингококк инфекциясына 11 194 адам тексерілді, оның ішінде жабық мекемелерге қабылдау кезінде 5 553 адам және "қауіп тобындағы" 5 641 адам, олардың арасында инфекция тасымалдаушылар анықталған жоқ. Алматы қаласында зертханалық нақтыланған менингококк инфекциясының 8 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3 жағдай және ересектер арасында 5 жағдай. 2023 жылдың осы кезеңінде менингококктық инфекцияның 7 жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2 жағдай, - деді Әсел Қалықова

Менингококк инфекциясының кенеттен басталуын және ауыртпалығын ескере отырып, оның алғашқы белгілері пайда болған кезде мүмкіндігінше ертерек дәрігерге жүгіну қажет, себебі кез келген жастағы науқастың өмірін сақтап қалуы осыған байланысты болады.

Өзгелердің жаңалығы