«Алматы тұрғын үй» уәкілетті ұйымы 95 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының деректері бойынша қалада 12 836 лифт тіркелген, оның ішінде 6 885 бірліктен астамы қаланың тұрғын үй қорында пайдаланылады, оның ішінде пайдалану мерзімі 25 жылдан асатын 180 лифт бар.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы 86 көппәтерлі тұрғын үйде 155 бірлік лифт жабдығын ауыстыру жоспарланды. 2023 жылдың соңында жоспар асыра орындалды, жұмыс қорытындысы бойынша 109 үйдің 198 лифт ауыстырылды.
Азаматтардың жайлы тұруы үшін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған ТКШ жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2023 жылы «Алматы тұрғын үй» уәкілетті ұйымы 95 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізді. 2024 жылы 100 көппәтерлі тұрғын үйде күрделі жөндеу жоспарланған.
2011-2022 жылдар аралығында «Алматы тұрғын үй» уәкілетті ұйымы 965 көппәтерлі тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізді және 907 үйде 1 935 лифт ауыстырылды.
Еске салсақ, Алматыда ТКШ жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның аясында тұрғындар үйді 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге қайтарымды негізде күрделі жөндеуден өткізе алады. Бағдарламаға қатысу үшін тұрғындар жалпы жиналыста тұрғын үйді жөндеу туралы шешім қабылдайды, содан кейін басқару органы хаттама мен «Алматы тұрғын үй» ЖШС бағдарламасының операторына қатысуға өтінім береді.