Алматыда 10 жасар баланы ұрған ер адам ұсталды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда үйдің кіреберінде&nbsp;баланы&nbsp;ұрған ер адам анықталды.</h4>

 5 Қыркүйек 2021 2021, 02:44
5 Қыркүйек 2021 2021, 02:44
8617

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда үйдің кіреберінде баланы ұрған ер адам анықталды.

Оқиғаның видеосы желіде тараған. Бейнежазбада подъездке кірген ер адамның баланы басынан ұстап, ұрып жібергені көрінеді.

Бұл оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов түсініктеме беріп, 55 жастағы адамның ұсталғанын хабарлады.

Аталған факті бойынша дене жарақатын алған баланың анасынан арыз келіп түсті. Ол 1 қыркүйек күні подъездің кіреберісінде 10 жасар баласын ұрып, дене жарақатын салған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады, – деді Р. Абдрахманов.

Наверх