Алматыда 1,1 тоннадан астам героиннің көзі жойылды

13 Қаңтар 2021, 11:51
1484
Бөлісу:
Алматыда 1,1 тоннадан астам героиннің көзі жойылды

Алматы, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Жетісу көлік прокуратурасының үйлестіруімен арнайы комиссияның қатысуымен жалпы салмағы 1,1 тоннадан асатын героиннің аса ірі партиясын жойды. 

Есірткіні комитет қызметкерлері Германияның қылмыстық кеден полициясымен бірлесіп, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Литва, Польша және Нидерланды құқық қорғау және кеден қызметтерінің көмегімен өткізген халықаралық арнайы операция нәтижесінде тәркілеген. 

Осылайша, 2019 жылдың қазан айында Қазақстан аумағына «өңделген мәрмәр» деген атаумен жүк әкелінді. Нидерландыға жөнелтілген тауарды тексеру кезінде тергеушілер героині бар 2208 брикетті анықтады. Ұйымдасқан қылмыстық топ есірткі транзитін Ираннан Еуропалық Одақ елдеріне өткізуді жоспарлаған, - делінген хабарламада.  

Есірткінің бір бөлігі Қаржы мониторингі қызметкерлерінің бақылауымен Германияға жеткізілді, мұнда тауарды алу кезінде Түркия елінің азаматтары ұсталған болатын. 

Қазір аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 286-б. 4-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (есiрткi, психотроптық заттармен, сол тектестермен байланысты айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың аса iрi мөлшерде жасалған контрабандасы).

Өзгелердің жаңалығы