Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігі апатты жағдайға байланысты бірнеше ықшам аудан тұрғындары ыстық сусыз қалғанын мәлімдеді.
Мендіқұлов көшесінде диаметрі 800 мм болатын құбырдың және Снегин көшесіндегі диаметрі 300 мм болатын су құбырындағы апатты жағдайға байланысты бірқатар үйге ыстық су мен жылу беру тоқтатылды. Атап айтсақ, «АлТС» ЖШС маңындағы Самал-1-2-3-ықшам ауданы, Қажымұқан-Достық, Чайкин-Омаров-Байжанов көшелері бойындағы үйлер, - делінген хабарламада.
Барлығы 180 үйге ыстық су мен жылу беру тоқтатылған. Қазіргі кезде «АлТС» ЖШС апатты қызметімен қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.