Алматының жедел көмек көрсету ауруханасына ӨЖЖ-аппараттары табысталды

21 Шілде 2020, 17:37
1808
Бөлісу:
Алматының жедел көмек көрсету ауруханасына ӨЖЖ-аппараттары табысталды

Алматы, BAQ.KZ. Тұрмыстық техниканың еуропалық бренді Beko "Алматы қалалық жедел көмек көрсету ауруханасына" 5 ӨЖЖ аппаратын жіберді.

Өмірді құтқаруға арналған аппараттар Түркияда жетекші кәсіпорындармен ынтымақтастықта жобаланған және дайындалған. Аппараттар барлық халықаралық талап пен қауіпсіздік стандартына жауап береді.

Сәуір айында Beko бас компаниясы Arçelik компаниясы ӨЖЖ-аппараттарды өндіретін жетекші компаниялармен күш біріктіретіні туралы мәлімдеді. 120 инженерден тұратын команда 2 апта ішінде Ыстамбұл қаласындағы ашық инновациялық орталық Arçelik Garage-да аппараттың бастапқы прототипін жобалап, сынақтан өткізді. Маусым айының басында оның орталығы Çerkezköy electronics-те ел ішінде және одан тыс жерлерде тарату үшін коммерциялық емес негізде 5000 аппарат шығарылды, - делінген хабарламада.
Arçelik бас директоры Хакан Булгурлу өкпені желдететін аппараттарын қазіргі уақытта ең қажет ететін елдерге қайырымдылық ретінде бере алатындығын мақтан тұтатынын айтты.
Түрік бизнесі және Үкіметпен бірге жұмыс істей отырып, біз коммерциялық емес негізде ӨЖЖ өмірлік қажетті аппараттарын өндіру үшін ғылыми-зерттеу және өндірістік мүмкіндіктерімізді қайта қарастырдық. Пандемиямен күрес ұжымдық жаһандық күш-жігерді талап етеді және әлемнің кейбір ауданы шектеулерді алып тастауда, бірте-бірте қалыпты өмірге оралуда, ал біз осы ретте ӨЖЖ аппараттарын оларды қазіргі уақытта ең қажет ететін елдерге қайырымдылық ретінде бере алатындығымызды мақтан тұтамыз, - дейді Arçelik бас директоры Хакан Булгурлу.

Өзгелердің жаңалығы