Алматы жатақханаларындағы орындар 30 мыңға дейін жеткізіледі

4 Наурыз 2023, 12:11
2323
Бөлісу:
Алматы жатақханаларындағы орындар 30 мыңға дейін жеткізіледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оңтүстік астанада жатақхана мәселесін шешу мақсатында жастар Лофт-орталығында студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 12 мың төсек-орын салу жоспарлануда. Ал 2030 жылға дейін тағы 20 мың орындық жатақхана бой көтеремекші. Аталған іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты. Сондай-ақ мегаполистегі ЖОО ректорлары өз ойларын ортаға салды.

Елімізде студенттер арасында баспана тапшылығы қарқын алуда. Оның ішінде бірқатар аймақта Астана, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан қалаларында студенттік жатақханалардың жобалық офистері ашылып жатыр. Жыл сайын студенттік жатақханаларды 10 мың орынға дейін ашуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет 6 жыл ішінде әрбір студент үшін жыл сайын Алматы қаласында 230 АЕК және елдің басқа өңірлерінде 195 АЕК төлейтін болады. Мемлекет басшысы да бұл мәселеге аса назар аударуда. Бүгінгі таңда мемлекеттік 28 ЖОО-ның 13-інің жер учаскелері бар, 12-сінің жобалау-сметалық құжаттамасы рәсімделген. Алдағы уақытта Қонаев қаласына арнайы академиялық қалашық салынады. Осылайша, ЖОО-лары зертханаларын, факультеттерін көшіре алады, – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Бірлескен жұмысты одан әрі жақсарту үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ үш жыл ішінде студенттер жатақханаларындағы орындар санын 30 мыңға дейін жеткізу міндеті қойылды. 

Өзгелердің жаңалығы