Алматы және Жамбыл облыстарындағы шектеу шаралары алынды

26 Қаңтар 2022, 20:10
1421
Бөлісу:
Алматы және Жамбыл облыстарындағы шектеу шаралары алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы мен Алматы облысында терроризмге қарсы операция режимі алынды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында 26 қаңтар күні терроризмге қарсы операция режимі алынды. Тараз қаласының аумағына қойылған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің блок-бекеттердегі қызметтері аяқталды. Әскери қызметшілер күнделікті тыныс-тіршілігіне оралып, жоспарлы жауынгерлік оқуларына кіріспек - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бүгін Алматы облысында да шектеу шаралары алынды.

Алматы облысында террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылуына байланысты Талдықорған қаласындағы блок-бекеттер алынды. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері тұрақты орналасу пунктеріне қайтуда - деді министрліктің баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы