Алматы облысында жанармай құю бекетін тонады деген күдіктілер ұсталды

5 Ақпан 2019, 19:59
2895
Бөлісу:
Алматы облысында жанармай құю бекетін тонады деген күдіктілер ұсталды

Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі азамат ұсталды.

«Алматы облысының полициясы «Комсомол-Чапай» автожолының бойында орналасқан жанармай құю бекеттерінің біріне 31 қаңтар күні қарақшылық жасады деген күдікпен екі азаматты ұстады»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілер алдын ала келісім бойынша қылмыстық ойларын іске асыру мақсатында бетперде киіп жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған. Күзетші мен оператор қызды байлап тастап, кассадағы 200 мыңға жуық қаржыны және алдын ала дайындалған арнайы көлікпен 18 тонна дизель отынын қолды қылған.

Жедел іздестіру шаралары барысында Іле ауданының полицейлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады.

«Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-тармағына сәйкес қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған ірі көлемдегі дизель отыны заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды»,-ведомство өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы