Бірнеше облыста жол қауіпсіздігі күшейтілді 

2 Қазан 2019, 12:35
1909
Бөлісу:
Бірнеше облыста жол қауіпсіздігі күшейтілді 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Алматы жəне Жамбыл облыстық полиция Департаментінің əкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп қауіпті аймақтар жəне жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол учаскелерінде «жол-патрульдік полиция» көлігінің макеттерін орнатты.

"Бұл іс-шара республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асырмау үшін ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 5 макет, ал Жамбыл облысында 4 макет жол жиегіне қойылған. Алдағы уақытта мұндай макеттерді еліміздегі барлық республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орнату жоспарланған", - делінген "Қазавтожол" таратқан ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы