Алматыдағы "Алматы-2" вокзалында 52 адам күйік газынан уланды. Зардап шеккендердің арасында 10 бала бар, олардың екеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Қазақстан темір жолы» өкілдері редакция жолдаған сауалға төтенше жағдай болған пойыз теміржол компаниясына тиесілі емес деп жауап берді. Олардың мәліметінше, құрам жеке компанияға қарасты және түсірілім жұмыстары үшін киностудияға берілген.
Оқиға орнына жедел түрде 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Барлығы 52 адам зардап шекті, оның ішінде балалар да бар. Олар қалалық стационарларға жеткізіліп, қажетті тексерулерден өтіп, медициналық көмек алды. 10 баланы ауруханаға жатқызуға тура келді, олардың екеуі – реанимацияда. Қалғандары профильді бөлімшелерде ем қабылдап жатыр. Қалған науқастар тексерістен кейін амбулаторлық емделуге үйіне жіберілді, – деп жауап берді қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан.
Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.