Алматы тауларында жоғалған польшалық туристер құтқарылды

4 Тамыз 2023, 13:29
441
Бөлісу:
Алматы тауларында жоғалған польшалық туристер құтқарылды
Фото: gov.kz

Шетелдік азаматтар құтқарушыларға алғыс білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше 2023 жылғы 3 тамызда сағат 19:35-те Іле Алатауы тауларында шетелдік ерлі-зайыптылар Башут шыңынан өздігінен түсе алмайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Ерлі-зайыптылар 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Зардап шеккендерді іздеуге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы мен қаладағы құтқару қызметінің құтқарушылары шықты.

Сағат 20:45-те турист тауда жүрген жастардың көмегімен байланысқа шықты. Олар телефон арқылы құтқарушыларға нақты тұрған орындарын айтты. Сағат 23:36-да құтқарушылар зардап шеккендерге жетті. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес. Туристерді Медеуге дейін жеткізді.

Польшаның екі азаматы, 1987 жылы туған әйел адам мен 1983 жылы туған ер адам құтқарылды. Шетелдік азаматтар құтқарушыларға алғыс білдірді.

ТЖМ құтқарушылары еске салады: тауға шықпас бұрын туристік маршрутты зерттеп, физикалық мүмкіндіктеріңізді бағалаңыздар. Егер сізге көмек қажет болса, 112, 109 немесе 8(727) 372-15-60 (ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қоңырау шалу қажет.

Өзгелердің жаңалығы