Алматы тауларында Ұлыбритания азаматы жоғалып кетті

10 Тамыз 2022, 05:29
1105
Бөлісу:
Алматы тауларында Ұлыбритания азаматы жоғалып кетті

44 жастағы Ұлыбритания азаматы Роман Макогонның Шымбұлақ шыңынан түскені белгілі, бірақ ол қалаға жетпеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адамның жоғалғаны туралы жұбайы "109" құтқару қызметіне хабарлап, көмек сұрады.

Жоғалған туристі іздеуге сағат 21: 05-те "Тұйықсу" бақылау бекетінің құтқарушылары аттанды.

Айта кетсек, мамыр айында отбасылық жұп Шымбұлақ шыңынан өз бетімен түсе алмай, тауда түнеген.

Өзгелердің жаңалығы