Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы тауларында ТЖМ қызметкерлері әйел мен баланы құтқарды

9 Қараша 2025, 15:50
580
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы маңындағы Тұйықсу шатқалында таудан төмен түсе алмай қиындыққа тап болған 1979 жылғы әйел мен оның баласына құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төмен түсу жолы қатты мұздақ пен сырғанақ беткейге байланысты қауіпті болған.

Сонымен қатар әйел мен баласы ауа райына сай киінбеген — жеңіл киім мен аяқ киім таулы жерде жүруге жарамаған.

Оқиға орнына «Тұйықсу» бақылау-құтқару пунктінің құтқарушылары жетіп, оларды «Медеу» құтқару қызметінің тұрақ аймағына дейін аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылар алматылықтар мен қала қонақтарына тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райына сәйкес жабдық таңдау керектігін еске салды.

Өзгелердің жаңалығы