Алматы тауларында Қатардан келген турист жарақаттанды

Алматы тауларында жарақат алған шетелдік туристке көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 ТЖМ 9 Қаңтар 2026, 17:44
9 Қаңтар 2026, 17:44
1115
Фото: ТЖМ

Алматы тауларында жарақат алған шетелдік туристке көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жарақаттанған шетел азаматшасын ТЖМ құтқарушылары эвакуациялады.

Алматы қаласының Бостандық ауданында, Алма-Арасан шатқалында (теңіз деңгейінен 1780 метр биіктікте) турист әйел аяғын жарақаттап алып, шұғыл қызметтерден көмек сұрады. Құтқарушылар оқиға орнына жедел шықты. Алма-Арасан шатқалына жеткен соң олар 1966 ж.т. Қатар Республикасының азаматшасын зембілдің көмегімен қауіпсіз түрде экопостқа дейін жеткізіп, сол жерде күтіп тұрған жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Наверх