Алматы тауларында монша өртенді

14 Ақпан 2024, 19:04
763
Бөлісу:
Алматы тауларында монша өртенді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматыдағы Villar монша кешенінде өрт шықты, 24 минуттың ішінде өрт сөндірілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

14 ақпан күні сағат 18:00-де Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 85/77 ғимараты өреніп жатыр деген хабарлама келді. Қарбалас уақытқа және өрт сөндіру техникасының жүру жолындағы кептеліс кедергі болғанына қарамастан, дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер екі ағаш үйдің жанып жатқанын анықтады. Өрт көрші ағаштарға таралу қаупі туды. Жедел штабтың жұмысы дереу іске қосылды, өрт сөндіру оқпаны енгізілді, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді, - дейді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті. 

Өзгелердің жаңалығы